Қазақстан былтыр ЕАЭО-мен 13 млрд доллардың саудасын жасады

800

Қазақстан былтыр ЕАЭО-мен 13 млрд доллардың саудасын жасады

Қазақстанның  ЕАЭО елдерімен  тауар айналымы 2016 жылы 16,8 пайызға қысқарып, 13,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды LS.

Отандық тауар мен шикізат экспорты былтыр 3,9 млрд долларға жетті. Аталмыш көрсеткіш  2015 жылмен салыстырғанда  23,5 пайызға қысқарды. Импортталған тауар 9,6 млрд долларды құрады. Бұл алдыңғы жылғыдан 13,7 пайызға аз.

Қазақстанмен тауар айналымы бойынша Ресей алдыңғы орында тұр. Бұл ел  3,5 млрд доллардың өнімін сатып алып, 9,1 млрд доллардың өнімін сатқан. Жалпы тауар айналымы 12,66 млрд долларды құрады.

Қырғызстанмен сауда  576,8 млн (экспорт – 376,2 млн. импорт – 200,5 млн доллар) долларды құрады.

Ал Беларусьпен тауар айналымы  364,5 млн доллар, Армениямен  3,2 млн долларға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу