Қазақстан былтыр Қытайға 300-ден аса тауар түрін саудалады

863

Қазақстан былтыр Қытайға 300-ден аса тауар түрін саудалады

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның Қытайға экспорты  2016 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,1 млрд долларға жетеді, деп хабарлайды LS.

Kaznex Invest-тің дерегіне сүйенсек, бір жыл ішінде бұл елге  331 тауар түрі жеткізілген. Айта кетерлігі, 2016 жылы Қытайға алғаш рет тантал, өңделмеген тері мен ет өнімі саудаланған.

2015 жылғы экспорттың көлемімен салыстырғанда бұл елге Қазақстанның тауар саудасы 25%-ға азайыпты. Мекеменің айтуынша, оның көлемі  шикі мұнай, уран, мырыш, күкірт және қорғасын жеткізудің төмендеуімен байланысты.

Ал мыс жеткізу10%-ға, ферросплав – 29%-ға, мыс кені – 29%-ға, бидай – 2 есеге, темір кені 19%-ға өскен.

Сонымен қатар Kaznex Invest-те 2017 жылы ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ, Иран, Ауғанстан және Қытай елдері нарығына қазақ өнімін таныту үшін бірқатар шаралар көзделіп отыр.

Мекеменің дерегіне сай, 2010-2016  жылдар ішінде Қытай нарығына отандық өндірушілердің 150-ге тарта тауары мен қызметінің экспортын жолға қою үшін 19 мәрте шара ұйымдастырылыпты.

Шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 78 млн доллардың аккумулятор батареясы, көлік майы, каучук өнімі, минералды тыңайтқыш, кондитер өнімдері, май өнімі, суықтай сығымдалған май, сүт және сыр өнімі, ұн және макарон өнімі, шарап, сусын, жүн және трикотаж заттар, дәрілік шөп, сондай-ақ туристік қызметке мәміле жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу