Қазақстан былтыр шетелден 4 млрд долларға азық-түлік сатып алған

1014

Сенатор Дүйсенғазы Мусиннің айтуынша, импортқа тәуелділік агроөнеркәсіптік саладағы бірқатар мәселенің барын айғақтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан былтыр шетелден 4 млрд долларға азық-түлік сатып алған Фото: inbusiness.kz

"Қабылданған шараларға қарамастан, ауыл шаруашылығы саласының үлесі жалпы ішкі өнімнің 5-5,5 пайызын ғана құрап отыр. Бірқатар азық-түлік өнімі бойынша импортқа тәуелділік әлі бар. Оның көлемі өткен жылы 4 млрд АҚШ долларынан асқан", - деді сенатор.

Ол сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімді өткізу проблемаларын реттеу, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда-логистика инфрақұрылымын дамыту, көтерме-тарату орталықтарының желісін құру туралы мәселелер бағдарламада жоспарланған міндеттер нақты шешімін таппағанын айтады.

"Бұл ретте, қазіргі жағдай көрсеткендей, еліміз үшін импорттан тәуелсіздік қаншама маңызды екені айқындалды. Аталған кемшіліктер ел халқының 41 пайызы тұрып жатқан ауылдың ахуалын, саланың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін көрсетіп, аграрлық секторда жүйелі проблемалардың сақталып тұрғанын айқындайды", - деді Дүйсенғазы Мусин.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу