Қазақстан бюджетіне 100 миллион теңге қайтарылды

Бұл туралы Бас прокуратураның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды. 

Қазақстан бюджетіне 100 миллион теңге қайтарылды Фото: Zakon.kz

Жітіқара ауданының прокуратурасы бюджеттік жобаларды іске асыру кезінде өзінің шарттық міндеттемелерін орындамаған мердігер ұйымдарға қатысты қабылданатын шаралардың толықтығына талдау жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ "Теплоэнергострой" ЖШС мердігеріне төленген авансты қайтару бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдамағаны анықталып отыр.

– 2022 жылдың маусым айында құрылыс бөлімі мен "Теплоэнергострой" ЖШС арасында құны 880,8 млн теңге болатын "Жітіқара ауданының Чайковское ауылын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы" объектісі бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасалды. Мердігерге 107,4 млн теңге көлемінде аванс аударылды және бұл сома "Freedom Finance Insurance "Сақтандыру компаниясы" АҚ-да осыған ұқсас сомаға сақтандырылды.

Алайда мердігер өз міндеттемелерін орындамады: орындалмаған жұмыс көлемі 338,1 млн теңгені құрады, аванс сомасы да игерілмеген. "Теплоэнергострой" ЖШС-мен шарт біржақты тәртіппен бұзылды, "Теплоэнергострой" ЖШС-нің төленген авансы өз еркімен қайтарылмады. Сақтандыру компаниясы да ерікті түрде сақтандыру төлемін төлемеген, – деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасы таратқан мәліметте.

Осылайша, прокурорлық ден қою актісі бойынша құрылыс бөлімі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген. Сот шешімімен сақтандыру компаниясынан мемлекеттік бюджетке толық көлемде түскен 112 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі өндірілген. 

Бұған дейін Қостанай облысының "Теплоэнергострой" МАЭС шешімімен мемлекеттік сатып алуға керек емес қатысушы деп танылған, сонымен қатар одан 34 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілген еді. 

Құрылыс бөлімінің жауапты лауазымды тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды. Құрылысты аяқтау үшін "Story Company Inc" ЖШС-мен жаңа шарт жасалған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толық орындалды, техникалық құжаттаманы келісу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу