Сонда жалпы бюджет тапшылығы 3,1 трлн. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6%-ын құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, 2023 жылы ЖІӨ өсімі 5,1%-ды құрап, жоспарланғаннан 1,1%-ға артық көрсеткішке жетті. Жылдық инфляция 2022 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеп, 9,8%—ды (азық – түлік тауарлары бағасының 8,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасының 9,1%-ға, ақылы қызметтер бағасының 12,4%-ға өсті) құрады.
"Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9%-ға орындалып, бюджетке 19 трлн. теңге түсті. Оның ішінде, республикалық бюджет/тің меншікті кірістері 14,5 трлн. теңгені құрады.
Салық түсімдері 12,9 трлн. теңгені құрады, жоспардан атқарылмау сомасы 1,4 трлн. теңге болып табылады. Жалпы, 2022 жылмен салыстырғанда кірістер 4 трлн. теңгеге ұлғайды, оның 2,9 трлн. теңгесі 29% - ға өскен салық түсімдеріне байланысты.
2023 жылы шамамен 21 мың салықтық тексеруаяқталды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7%-ға аз", — деді Қаржы министрі Мәди Тақиев Мәжіліс отырысында.