Өткен жылдың қорытындысы бойынша 100 балдың 63-ін жинады. Осылайша, 37-ден 28-орынға көтеріліп, Қырғызстан мен Моңғолияның алдына шықты.
"Сандж" зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосованың сөзінше, рейтингтің жақсаруына соңғы кезде маңызды құжаттардың қоғам талқысына жиі шығарылуы әсер еткен. Әйтпесе бұған дейін мемлекет бюджетке қатысты ақпараттарды ашық жарияламайтын. Орталық жетекшісі бұдан да жақсы нәтижелерге жету үшін Қаржы министрлігіне әлі де жұмыс істеу керектігін айтып, ұсыныс тастады.
Бюджет ашықтығы елге не береді? Түзілген рейтингтен не өзгереді?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу