Қазақстан цементі Өзбекстан биржасында сатылып жатыр

799

Қазақстан цементі Өзбекстан биржасында сатылып жатыр

Қазақстанның ПЦ400 Д20 және ПЦ ЦЕМ II А-Ш 32.5Н маркалы цементтері Өзбекстан биржасында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биржа сайтында саудаға қатысу үшін талап етілетін кепіл ақшасы 2%-ды құрайтыны айтылады. ПЦ400 Д20 портландцементі үшін 10 тонна лот, ал ПЦ ЦЕМ II А-Ш 32.5Н цементі үшін 1 тонна лотпен стандарттық келісімшарттар ашылған.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы президентінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы тиісті қаулысымен цемент, құрылыс айнасы, қара металл прокаты және басқа жеке түрдегі өнімдер импортынан алынатын кедендік төлемдерге жеңілдіктер енгізілген.

Қазақстаннан Өзбекстанға импортталған цементті Agro Lina және IV Stal Invest компаниялары сатып жатыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу