Қазақстан-Чехия бизнес форумы Астанада 21 қарашада өтеді

926

Қазақстан-Чехия бизнес форумы Астанада  21 қарашада өтеді

21 қарашада Астанада Қазақстан-Чехия  бизнес-форумы өтеді. Оған екі елдің ресми және іскерлік орта өкілдері қатысады. Бұл туралы "KAZNEX INVEST" Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шараның мақсаты Қазақстан мен Чехияның іскерлік орталарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ чех тарапына Қазақстанның  2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын, инвесторларға арналған, оның ішінде  шағын және орта бизнес саласындағы ынталандыру пакетін, экономиканың басымдыққа ие салаларын таныстыру болып табылады. Шараны ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен "KAZNEX INVEST" Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ ұйымдастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу