Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден әйелдер арасында қарағандылық 19 жастағы атлет Аделина Ахметова топ жарды. Ол өзінің спорттық карьерасында ересектер арасында алғаш рет чемпион атанып отыр, деп хабарлайды olympic.kz.
Ғұсман Қосанов Мемориалында Аделина соңғы тосқауылдан секіретін кезде құлап, мәреге уақытылы жете алмай қалған болатын. Сондықтан ол кезде Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Светлана Кузнецова жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Ахметова тәжірибелі қарсыласы Мерджен Ишангулиева екеуін бірдей қапы қалдырып кетті. Сонымен қатар спортшы жеке рекордын жаңартты – 58.84. Мержден екінші орында –59.95. Үштікте Кузнецова бар ( 1:00.05).
24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.
Ерлерден 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Түркістан облысының атынан келген Дмитрий Коблов Керекудің намысын қорғап жүрген Игорь Кондратьев бас жүлдеге таласқан. Төрешінің ысқырығы естілісімен, Коблов көшбасшылық тізгінді қолға алды. Бірақ мәреге жақындаған тұста Кондратьев тосқауылдар секіру кезінде ереже бұзған. Мұны бірден байқаған қазылар спортшы жарыстан шығарып жіберді. Сөйтіп, Дмитрий Коблов 52.51 секундпен ел чемпионы атанды.