Transfermarket деректеріне сүйенсек, Қазақстан премьер-лигасындағы көптеген футболшының бағасы біршама өскен, деп хабарлайды 24Хабар.
Кешеден бері отандық басылымдар Transfermarket қорында Қазақстанда ойнайтын футболшылардың бағасы өскендігін жариялап жатыр. Қазір біздің елдегі ең қымбат футболшы – серб саңлағы Неманья Максимович. Жаздан бері Максимовичтің бағасы 2 млн еуродан 3 млн еуроға өскен. Сөйтіп ол қайтадан Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы болып отыр. Ал жазғы трансфер кезінде, маусым айының бірінші жартысында "Қайрат" клубына келіп, Максимовичті екінші орынға ығыстырған Герсон Асеведо (Чили) сәл-пәл арзандаған. Оның бағасы 3 млн еуродан 2,5 млн еуроға түсіп қалды. Жаздан бері Жерар Гоу да (700 мың еуроға), Рохер Каньяс та (жарты миллионға) қымбаттаған. Ал Бауыржан Исламханның бағасы 800 мың еуроға өскен. Әрі ол – дәл қазір қазақтың да, Қазақстанның да ең қымбат ойыншысы, деп жазды sportsffa.kz.