Қазақстан COVID-19-дан қайтыс болу көрсеткіші бойынша 102-орында тұр

781

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов елімізде коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім көрсеткіші 4,1 есе азайғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстан COVID-19-дан қайтыс болу көрсеткіші бойынша 102-орында тұр

Бірінші вице-министр соңғы 2 айда сырқаттану 2,8 есе, аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға төмендегенін, ал өлім 4,1 есе, аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін кемігенін мәлімдеді. 

"Бұл – жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанының белгісі", – деді Марат Шоранов.

Бұдан кейін министрдің бірінші орынбасары Қазақстан эпидахуал көрсеткішімен әлем бойынша қандай орында тұрғанын жариялады. 

"Әлемде КВИ-дің 248 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай анқталып жатыр. 5 млн-нан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірінің дерегі бойынша соңғы 2 аптада 53 елдің 45-де сырқаттанудың өсуі байқалады. Әлемдік рейтингке сәйкес, 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша – 105-орында, өлім көрсеткіші бойынша 102 – орында тұр", – деді Марат Шоранов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу