Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев аграрлық секторды цифрландырудың келесі кезеңі – дәлме-дәл мал шаруашылығы (Precision Livestock Farming) технологияларын енгізу туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дрондар мен жайылымдардың спутниктік мониторингі қосымша қолданылады. Мұндай технологиялар өнімділікті 10-25%-ға арттыруға және шығындарды 15%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
The Business Research Company болжамы бойынша, дәлме-дәл мал шаруашылығының әлемдік нарығы 2029 жылға қарай орташа жылдық өсімі 9,1%-бен $7,93 млрд-қа жетеді. ЭЫДҰ елдерінде бұл модель көміртегі ізін азайту және биоқауіпсіздікті арттыру құралы ретінде белсенді қолдау тапты.
Қазақстан бұл шешімдерді енгізуді саланың тұрақты дамуының негізгі элементі ретінде қарастырады.