Қазақстанның Даму банкі 100 миллиард теңгенің евробондын орналастырды

770

Қазақстанның Даму банкі 100 миллиард теңгенің евробондын орналастырды

Қазақстанның Даму банкі 100 млрд теңгеге еуробонд орналастырды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі 3 жылға 9,625% деңгейінде болады. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның айтуынша, қазірде 29 инвестор бар. Атап айтқанда, еуробондтар Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия және басқа да Еуропа елдерінде ұсынылған. Шығарылымның басты ерекшелігі облигациялар теңгеде шығарылған. Болат Жәмішев атап өткендей, бұл біздің экономикамыз бен валютамызға деген үлкен сенімнің көрінісі.

Шетелдік инвесторлар J.P. Morgan, Citi және Halyk Finance алаңдары арқылы айырбастай алады. Банк орналастырылған қаражаттың көлемін арттырып, қолданыстағы несиелерді өтеуге және жаңа жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу