Қазақстан дамудың жаңа үрдісін қалыптастырды – Тоқаев

433

Саяси реформалар жалғасады. Жыл бұрын басталған саяси жүйені жаңғырту бастамасы өзекті болып қала бермек. 

Қазақстан дамудың жаңа үрдісін қалыптастырды – Тоқаев

Парламент палаталарының алдында Мемлекет басшысы кіріспе сөзінен осыны аңғартты. Бір жылда атқарылған жұмыстарға оң бағасын да берді. Қазақстан  дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет екенін айтты. Бұл ретте Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін нақты қадамдар жасалғанын қаперге салды. 

"Реформаларымыз "Күшті Президент  ықпалды Парламент  есеп беретін Үкімет" қағидасына негізделді. Бұл қағида  мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді", дейді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу