2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі барысындағы Қазақстан мен Дания арасындағы кездесуде ресейлік төрешілер қазылық ететін болды, деп хабарлайды vesti.kz.
Кездесудің бас төреші етіп Владислав Безбородов тағайындалды. Оған Максим Гаврилин мен Валерий Данченко көмектессе, төртінші төреші қызметін Кирилл Левников атқарады.
Айта кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Дания құрамалар арасындағы матч 10 маусымда Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.
Бұл матч Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өз алаңында өткізетін үшінші кездесу болмақ. Алғашқы екі ойында біздің футболшылар Польша және Румыния құрамаларымен тең түскен еді.
Қазақстан мен Дания матчына билеттің құны 1000 теңгеден басталады.