Қазақстан Даниядан жеңілді

1065

Қазақстан Даниядан жеңілді

Алматының "Орталық" стадионында өткен Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы кездесу қонақтардың пайдасына шешілді, есеп - 1:3, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің 6 туры болатын. Ойынның 27-минутында Дания құрамасының шабуылшысы Николай Йоргенсен есеп ашқан болатын. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Қазақстан командасының капитаны Бауыржан Исламхан алаңнан қуылды. Шынтағы қарсыласының бетіне тиім кеткені үшін ресейлік төреші Владислав Безбородов Бауыржанға бірден "қызыл қағаз" көрсетті. Екінші тайм басында, ойынның 51-минутында Қазақстан құрамасының қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленіп, даниялықтардың жарқын жұлдызы Кристиан Эриксен пенальтиден мүлт кетпеді. Қазақстан құрамасы сапында Исламбек Қуат 76-минутта есеп айырмасын қысқартып, жанкүйерлер жүрегіне үміт отын жағып еді, алайда көп ұзамай даниялықтар үшінші допты соғып, жергілікті футбол сүйер қауымның қуанышын су сепкендей басты.Голдың авторы - Дольберг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу