Қазақстан дәрігерлері вакцина егуге құқылы ма?

770

Медицина мамандары Telegram-арналардағы ақпаратты "фейк" деп атады.

Қазақстан дәрігерлері вакцина егуге құқылы ма?

Кейбір Telegram-арналарда елдегі жоғары оқу орындарында болашақ дәрігерлер мен медбикелер вакциналарды, оларды пайдалану ережелерін және қауіпсіздігін зерттемейді деген мәлімет тараған болатын. Материал авторларының сөзіне қарағанда адамдарды жаппай вакциналау арнайы мамандардың күшімен жүргізіліуі керек. Ал біздегі дәрігерлер бұл талапқа сай емес-мыс. Сондықтан,  бұл мәселеде қазақстандық дәрігерлер мен медбикелерге сенуге болмайтын көрінеді. Stopfake.kz сайты бұл ақпаратқа "фейк" деген үкім айтып отыр. 

"Бұл олай емес. Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында вакциналардың жұмыс істеу принциптерін және олардың тиімділігін зерделеп қана қоймай, қызметкерлер препараттардың клиникалық сынақтарына да тартылады", - деп жазады аталмыш ресурс.

Фейк-хабарламаны әшкерелеген материалда сала маманының сарапшылық пікірі де берілген.

"Медициналық жоғары оқу орындарында дәрілік заттар мен вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттеледі. Вакцина, кез келген басқа дәрі сияқты, клиникалық сынақ кезеңдерінен өтеді. Бұл сынақтарды медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері ғана өткізеді. Біздің университетте дәрілік заттардың, оның ішінде біздің отандық өндірушілерм әзірлеген екпелердің клиникалық сынақтары жүзеге асырылады", – дейді Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы Анар Тұрмұхамбетова.

Осы пікірді алға тартқан ақпарат ресрурсы қазақстандық дәрігерлер мен медбикелердің жаппай екпе жүргізуге білім-білігі жеткіліксіз деген ақпараттың негізі жоқ деген қорытынды шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу