Қазақстан делегациясы ағылшын жүйесін меңгеру үшін Ұлыбританияға барды

909

Қазақстан делегациясы ағылшын жүйесін меңгеру үшін Ұлыбританияға барды

Қазақстан судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілетудің ағылшын жүйесін зерделеу үстінде. Осы мақсатта ҚР Жоғары сот кеңесінің, кеңес төрағасы Т. С. Донақов бастаған делегациясы жұмыс сапарымен Ұлыбританияға барды. 

Делегация құрамына кеңестің мүшелері мен аппаратының лауазымды қызметкерлерінен бөлек, ҚР Президентінің әкімшілігі, Жоғарғы соты, әділет министрлігінің өкілдері енген.

Сапар аясында Халықаралық оқыту комитетінің, сот кадрларының тәртібін тергеу бойынша басқармасының, Англия мен Уэльс заңгерлер қоғамдастығының өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкілдері Англияның сот колледжі, Корольдік сот сарайы мен судьяларды тағайындау комиссиясының мүшелерімен кеңес құратын болады.

Жұмыс сапарының қорытындылары бойынша жаңа ұсыныстар әзірленіп, ҚР судьялар корпусына үміткерлерді іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру механизмдері жасақталады деп көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу