Қазақстан делегациясы Жапониядағы Орталық Азия инвестициялық форумына қатысып жатыр

500

Токиода Еуропа қайта құру және даму банкі мен Жапония Үкіметінің шақыруымен қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың басшылығымен Орталық Азия инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан делегациясы Жапониядағы Орталық Азия инвестициялық форумына қатысып жатыр Фото: gov.kz

Форумға Орталық Азия, Моңғолия және Жапония үкіметтерінің өкілдері, Жапонияның іскер топтары мен корпорацияларының басшылары шақырылған.

Осы Форумның пленарлық отырысы барысында Е.Жамаубаев мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, елдегі ағымдағы экономикалық ахуал және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ форум алаңында бірқатар елдердің өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланатын екіжақты кездесулер өтті. Қазақстандық делегация өкілдері форумның сараптамалық сессияларына белсенді қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу