Қазақстан деректердің қолжетімділігі бойынша жоғары әлеуетке ие

185

Елімізде 5 жылдық кезеңге арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. 

Қазақстан деректердің қолжетімділігі бойынша жоғары әлеуетке ие Фото: freepik

Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған тұжырымдамамен таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттердің жасанды интеллектті қолдануға дайындығы Oxford Insights әзірлеген әдістемемен анықталады. Осы әдістемеге сәйкес Қазақстан цифрлық әлеует (76%) және деректердің қолжетімділігі (74%) көрсеткіштер бойынша жоғары әлеуетке ие. Сонымен қатар, біз жасанды интеллект саласындағы елдік стратегиялық құжаттардың болмауына байланысты "пайымдау" көрсеткіші бойынша айтарлықтай артта қалып отырмыз", - деді спикер.

Сөзінше, жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасының негізгі мақсаты – жасанды интеллект экожүйесін құру, экономика және мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллект технологияларын енгізу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу