Қазақстан дизель отынын экспорттауға тыйым салды

783

Тыйым отынды автокөлікпен тасымалдауға ғана қатысты.

Қазақстан дизель отынын экспорттауға тыйым салды

Қазақстан 8 сәуірден бастап  дизель отынын ел аумағынан автокөлікпен алып шығуға 6 айға тыйым салады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов қол қойды. 

Бұл шара елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін жасалмақ. Тыйым 2019 жылдың 8 сәуірінде күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу