Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, БҰҰ бөлімі жанындағы тұрақты өкілі және Женевадағы өзге халықаралық ұйымдардың жетекшісі Жанар Айтжанова ДСҰ-ның сауда және қоршаған орта комитетін басқарады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Бұл тағайындау ДСҰ-ның Қазақстанға артып отырған зор сенімін көрсетеді. 2017 жылдың 11-14 желтоқсаны аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін ДСҰ-ның XI министрлік конференциясына дайындық аясында ДСҰ-ның жаңа орган төрағаларына үлкен жауапкершілік артылып отыр.
Жанар Айтжанова ДСҰ-ның Азияның дамып жатқан елдері арасындағы өңірлік топтың сауда және қоршаған орта Комитет төрағасы лауазымына ұсынылды, Қазақстан ұйымға 2016 жылдың қарашасында қосылған болатын.
ДСҰ сауда және қоршаған орта комитеті 1995 жылы құрылды, ол ДСҰ мүше елдері үкіметінің арасындағы қоршаған ортаны қорғау туралы диалог үшін тұрақты форум.
Айта кетейік, мұның алдында комитетті Аргентина, Сингапур, Мажарстан, Словакия, Мысыр, Польша, Түркия, Малайзия, Финляндия, Гонконг, Колумбия, Таиланд және Чили елдерінің елшілері басқарды.