Қазақстан Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді

693

Қазақстан Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі  Қайрат Лама Шариф "EXPO-2020 Дубай" жоғарғы комитетінің төрағасы, шейх Ахмед бен Саид Аль Мактуммен кездесті.

Сонымен қатар, жиынға "EXPO-2020 Дубай" бюросының басқарушы өкілдері де қатысты. Кездесу барысында Қазақстан дипломаты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум атына жазған хатын ұсынды. Онда Қазақстанның Дубайда өтетін "EXPO-2020" дүниежүзілік көрмесіне қатысатыны ресми мәлімделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу