Қазақстан Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қатысуға 9 млрд теңге шығындайды

1030

Дубай қаласындағы көрме 2020 жылдың 20-ші қазаннан бастап, 2021 жылдың 10-ші сәуіріне дейін жалғасады.  

Қазақстан Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қатысуға 9 млрд теңге шығындайды

Қазақстан Дубайда өтетін  EXPO көрмесіне қатысуға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Үкімет оған 9 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Қаржы толықтай бюджеттен алынады. Әрі барлығы да павильон құрылысы шығындалмақ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, кейін көрме аяқталған соң қолданылған материалдар қайта елге жеткізіліп, кәдеге жаратылады. Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, ең үлкен павильон Қазақстанға тиесілі. Шамамен 3 мың 420 шаршы метрлік аумақ. Дүниежүзілік EXPO көрмесі 1851 жылдан бері араға 5 жыл салып, тұрақты түрде өткізіліп келеді.  2017 жылы Қазақстанда өткізілген Экспо осы 5 жылдықтың аясындағы шараның бірі еді. Оған 267,2 миллиард теңге жұмсалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу