Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінде 21 орынға көтерілді

71

Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 21 позицияға жоғары нәтиже (2023 жылы – 65-орын).

Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінде 21 орынға көтерілді Фото: worldbank

Қазақстан статистикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингінде 217 елдің ішінде 44-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзілік банк жыл сайын ресми түрде танылған халықаралық дереккөздер негізінде қалыптастырылатын статистикалық тиімділік көрсеткіштері (Statistical Performance Indicators – SPI) рейтингін жариялайды. Бұл рейтингте ұлттық, өңірлік және жаһандық бағалауларды қоса алғанда, әлемдік даму туралы өзекті әрі дәл деректер жинақталған.

Статистикалық тиімділік көрсеткіштері ұлттық статистика жүйесінің деректерді пайдалану, көрсетілетін қызметтер, статистикалық өнімдер, дерек көздері мен деректер инфрақұрылымы сияқты критерийлер бойынша мүмкіндіктерін көрсетеді. Бағалау диапазоны – 0-ден 100-ге дейін, 100 – ең жоғары деңгей.

Өткен жылдың деректеріне сәйкес, Қазақстанның ұлттық статистика жүйесі 100 мүмкін балдың 79,8-ін жинады. Жалпы көрсеткіштің өсуіне келесі компоненттердің жақсаруы ықпал етті: "Деректерді пайдалану" – +10, "Дерек көздері" – +10,2, "Деректер инфрақұрылымы" – +10 және "Деректерді ұсыну қызметтері" – +1,1 балл.

SPI-2024 рейтингінде Норвегия, Швеция және Канада статистикалық жүйелері көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу