Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

498

Қазақстан ДДСҰ Еуропа өңіріндегі грант алған 36 елдің бірі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Елордада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басу және дипломатиялық миссиялар өкілдері қатысты. 

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады. 

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу