​Қазақстан Дүниежүзілік мұнай конгресін қабылдау құқығына күресуде

842

Қазақстандық тарап шетелдік дипломаттар арқылы ДМК-ға мүше елдерге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасын қолдау туралы өтініш білдірді.

​Қазақстан Дүниежүзілік мұнай конгресін қабылдау құқығына күресуде

Сыртқы істер министрлігі мен "Kazenergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус үшін баспасөз мәслихатын өткізді.

Аталмыш іс-шара барысында қатысушылар 2023 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасын ілгерілету шеңберіндегі Қазақстанның жүргізіп отырған жұмысы туралы хабардар етілді.

Айта кетсек, Дүниежүзілік мұнай кеңесі (ДМК) – бұл жаһандық мұнай-газ қауымдастығының мүдделерін білдіретін ірі халықаралық, коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым. Мұнай мен газды жалпыәлемдік өндіру мен тұтынудың 95 пайыздан астамы тиесілі 65 мемлекет ДМК-ның мүшесі болып табылады. Ал Қазақстан осы кеңеске 1997 жылдан бері мүше.

ҚР СІМ сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков министрліктің Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council), Халықаралық энергетикалық агенттігі (International Energy Agency), Жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі (International Renewable Energy Agency), Дүниежүзілік энергетикалық агенттігі (World Energy Agency), Энергетикалық Хартия (Energy Charter) секілді халықаралық энергетикалық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазақстандық кандидатураны қолдауға қатысты дәлелдерді ұсынған "Kazenergy" қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов 2023 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге өтініш берген кезде Қазақстан, бірінші кезекте, жаһандық және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуды жалғастыру ұмтылысын басшылыққа алғанын атап өтті. 

Қазақстандық тарап шетелдік дипломаттар арқылы ДМК-ға мүше елдерге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасын қолдау туралы өтініш білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу