Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдер қатарында

1081

Денсаулыққа зиян тағамдарды тұтынатын халықтың көбі ТМД елдерінде тұрады екен.

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдер қатарында

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдер тізімінің ондығына енді. Мұндай ақпарат неміс ғалымы Фридрих Шиллер жасаған зерттеулер негізінде таратылып отыр.

Оның айтуынша,  дұрыс тамақтанбайтын, денсаулыққа зиян тағамдарды тұтынатын халықтың көбі ТМД елдерінде тұрады. Атап айтсақ, Өзбекстан аталмыш рейтингте көш бастап тұр. Мұнда жылына орта есеппен 394 адам тамақтан уланып қайтыс болған. Екінші орынға Түрікменстан жайғасты. Бұл мемлекетте денсаулыққа пайдасы жоқ ас тұтынған 376 адам көз жұмған. Үшінші орынға 350 зардап шеккен адаммен Қырғызстан, одан кейін тізімде Украина, Молдова, Әзербайжан, Беларусь сынды елдер тұр. Рейтингте Қазақстан 9-орыннан көрінсе, Ресей ондықты түйіндейді.

Айта кетсек, елімізде орта есеппен жылына 306 адам дұрыс тамақтанбаудан көз жұмады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу