Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

1354

17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты.

Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Нассауда дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар жұбаныш финалында Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразиялия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрама сапында Арслан Есенгел, Нарбаев Бауыржан, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағтбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Камила Берліқаш күресті.

Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Осыған дейін 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бағтбергенов қола жүлдегер атанса, бүгін аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу