Қазақстан дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін өткізу құқығына ие болды

508

ҚР Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Қазақстанда Grand Slam әлемдік турнирін өткізу туралы төрт жылдық келісім-шартқа қол қойды.    

Қазақстан дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін өткізу құқығына ие болды Фото: ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир Grand Slam өткізу құқығына ие болды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Парижде Grand Slam шеңберінде келісім-шарт бекітілді, осы құжаттың шарттары бойынша Қазақстан 2023 жылдан 2026 жылға дейін дзюдодан ең беделді халықаралық турнирлердің бірін өткізетін басты алаңға айналады. Елімізде ең беделді әлемдік турнирлердің бірі эксклюзивті атауға ие болды, әлемдік аламан дода "Qazaqstan barysy Grand Slam" деп аталатын болды. Қазақстандағы турнирде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. Сонымен қатар, жарыс аяқталғаннан кейін дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері тұрақты негізде өткізілетін болады", - делінген хабарламада.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Қазақстанда Grand Slam турнирін өткізу дзюдоны дамытуға жаңа серпін беретініне сенімділік білдірді.

Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев еліміздің 2023 жылдан 2026 жылға дейін Grand Slam өткізу құқығын алуы дзюдо федерациясының орасан зор жетістігі және халықаралық турнирлерде Қазақстан туын асқақтатып, лайықты өнер көрсететін барлық спортшылардың ортақ еңбегі екенін атап өтті.

Еске салайық, Париждегі Grand Slam-да отандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу