Қазақстан ЕАЭО аясында қауіпсіздік жөнінде халықаралық стандарт әзірлеуде

991

Оның  24-і ұлттық немесе мемлекеттік талаптар негізінде болмақ.  

Қазақстан ЕАЭО аясында қауіпсіздік жөнінде халықаралық стандарт әзірлеуде

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Еуразиялық экономикалық комиссиядағы әріптестер техникалық реттеу бойынша мәселе көтерді.  Атап айтсақ,  "Тағам қоспалары, техникалық қосалқы заттар, иістендіргіштер бойынша қауіпсіздік талаптары" техникалық регламенті бойынша мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар мемлекетаралық 130 стандарт әзірлеу қарастырылған. Оның ішінде 1-і ISO халықаралық стандарты негізінде, 2-і EN өңірлік стандарт бойынша, 24-і ұлттық немесе мемлекеттік стандарттар негізінде", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар жарылғыш заттардың қауіпсіздігі бойынша да арнайы талаптар бекітілмек. Оның 4-ін 2023 жылға жейін Беларусь Республикасы, 8-ін әртүрлі уақыттарда Ресей және 2021 жылға дейін Қазақстан 1 мемлекетаралық стандарт әзірлемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу