Қазақстан – ЕАЭО-дағы негізгі инвестор

914

Еліміз бір жылда ЕАЭО елдеріне шамамен 41 млн доллар инвестиция салған. 

Қазақстан – ЕАЭО-дағы негізгі инвестор

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) негізгі инвестор және инвестиция алушы болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта ЕАЭО-да (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) өзара тікелей инвестиция 38%-ға өскен.

"Биылғы бірінші жартыжылдықта өзара инвестиция көлемінің көрсеткіші 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артқан. 2021 жылғы екінші тоқсанда өзара тікелей инвестицияның таза ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 254 млн долларға өскен. Қазақстан бұл тоқсанда ЕАЭО-дағы тікелей инвестицияның негізгі инвесторы (40,6 млн доллар) және алушысы (182,9 млн доллар) болды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу