Қазақстан ЕАЭО елдері арасында еңбек өнімділігі жөнінен көш басында

843

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында еңбек өнімділігі жөнінен көш басында

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы еңбек өнімділігінің индексі 131%-ға дейін ұлғайды. Бұл туралы үкімет отырысы қорытындыланған жиында инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан еңбек өнімділігінің көрсеткіші бойынша Чехия, Венгрия, Словакия елдерінің деңгейіне жетті. Өсім соңғы 5 жыл аралығында байқалған. Оған bндустриялық инновациялық даму бағдарламасын іске асыру тікелей ықпал етті.

Дегенмен бүгінгі күні ЭЫДҰ-ның алдыңғы қатарлы елдерінен еңбек өнімділігі деңгейі жөнінен артта қалып жатқаны байқалады. Мәселен 2015 жылы 66% артта қалса, 2025 жылға қарай инвестиция және даму министрлігі бұл көрсеткішті 32%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

"Еңбек өнімділігінің өсімі – индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі. Біздің міндет – ЭЫДҰ елдерінің еңбек өнімділігі жөніндегі талаптары мен деңгейіне сай болу", – дейді министр.

Айта кетейік, еңбек өнімділігінің өсімі еліміздің барлық өңіріне тән. Бұл жөнінде селекторлық режімде үкімет отырысы барысында облыс әкімдері айтты.

"Бізде де девальвацияны есепке алғанда өзгерістер болды, дегенмен соңғы жылы бұл бағытта тұрақтылықтың байқалғанын көрсетеді және біз биылғы жылғы тренд те оң нәтиже беретінін көріп тұрмыз", – деп сөзін қорытындылады Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу