Еуразиялық экономикалық кеңес мәлеметтеріне сүйенсек, елімізде 2019 жылдың бірінші жатысында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру деңгейі 3,5%-ға артқан. Ал Ресейде бұл көрсеткіштер 2,5%-ға, Қырғызстанда - 1,9%-ға, Беларусьта - 5,6%-ға жоғарылаған. Ал Арменияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіші керісінше 6,5%-ға төмендеген.
Қазақстанның аталмыш салада нәтижені жақсарту жоспары сәтті жүзеге асқаны байқалады. Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында еліміз 989,9 мың тонна ет пен құс етін өндірген. Яғни, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары. Бұл ЕАЭО бойынша ең жақсы көрсеткіш. Ал Ресейде ет пен құс етін өндіру 1,2%-ға, Қырғызстанда - 1,6%-ға артты. Беларусь пен Арменияда керісінше өндіріс көлемі 2,2% бен 4,1%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, Қазақстан Одақ елдері арасында жарты жылдың ішінде 3,5 млн тонн сүт өндіріп, көш бастады. Бұл өткен жылдың соңғы жеті айымен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары. Ресей мен Қырғызстанда бұл көрсеткіштер 1,5%-ға және 2,5%-ға артқанын байқауға болады. Ал Армения мен Беларусьте сүн өнімдерін өндіру 4,7% бен 0,5%-ға қысқарғаны белгілі.
Жалпы 2019 жылдың қаңтар мен шілде айларында ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 43,7 млрд долларға жеткен.