Қазақстан ЕАЭО елдерімен цифрлық ынтымақтастыққа ашық – Мемлекет басшысы

328

Біз барлық қажетті инфрақұрылымды жедел дамытуды қолға алдық.

Қазақстан ЕАЭО елдерімен цифрлық ынтымақтастыққа ашық – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан өңірімізде бірінші болып, осы саладағы әлемдік көшбасшы саналатын NVIDIA компаниясының озық технологиялары негізінде екі суперкомпьютерді іске қосты. "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын" құру басты міндет ретінде жарияланды. Бұл ауқымды жоба жаһандық капитал мен әлемдік технологиялық алпауыттар үшін тартымды ортаға айналды. Сонымен қатар, адами капиталға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Халықаралық Alem.ai орталығы жанынан Tumo және Tomorrow school жаңа буын мектептері, сондай-ақ әлемге белгілі бірқатар компанияның (Telegram, Presight) зертханалары ашылды. Екі апта бұрын "Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойдым. Мақсатымыз – дербес білім беруге ден қоя отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру, инфрақұрылым мен оқу стандарттарын дамыту. Қазақстан жедел цифрлық трансформацияны сапалы түрде жүргізу үшін ЕАЭО мемлекеттерімен серіктестікке және ынтымақтастыққа ашық", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу