Қазақстан ЕАЭО елдерімен жеке тұлғалардың несие тарихы бойынша ақпарат алмасады

Депутаттар келісімді мақұлдады. 

Қазақстан ЕАЭО елдерімен жеке тұлғалардың несие тарихы бойынша ақпарат алмасады Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста ЕАЭО шеңберінде несиелік тарих бойынша мәлімет алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялады.

Келісім кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін айқындайды. Мұндай ақпаратқа кредиттік есепті ұсыну туралы сұрату, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, кредиттік есептің өзі, сондай-ақ кредиттік тарихты даулауға қатысты құжаттар жатады.

Келісім шеңберінде ЕАЭО барлық елінің резиденттеріне басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан банктерде несиелік ресурстарға өтініш берген кезде тең жағдайлар жасалады. Ол резиденттерге несие беру бойынша шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді сапалы бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық кредиттеуді дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу