Қазақстан ЕАЭО елдеріне импорттық кеден бажын төмендету жөнінде бес ұсыныс жолдамақ

830

Бұл туралы Сауда және интегация министрлігінің алқа отырысында вице-министр Жанел Күшікова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы 

Қазақстан ЕАЭО елдеріне импорттық кеден бажын төмендету жөнінде бес ұсыныс жолдамақ

"Мәселен, сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраттарын өндірудің іске қосылуына байланысты өнімнің өзіндік құнын төмендету және дайын қазақстандық тауардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты алға қойылды. Ол үшін министрлік ЕАЭО мүше мемлекеттермен "қымыздық" қышқылына кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету ісін ілгерілетті. Одан бөлек, отандық жөргек өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Ресейдің шикізат тауарына – суперабсорбентке арналған нөлдік бажды ұзарту туралы ұсынысын қолдады", – деді Жанел Күшікова. 

Оның айтуынша, 2018 жылы суперабсорбентке нөлдік мөлшерлемені енгізудің арқасында қазақстандық жөргектерді сату көлемін ұлғайған. Сондай-ақ жалпы Қазақстаннаннан жөргектерді дайын өнім ретінде экспорттаудан түскен сома 9 009 мың долларға артқаны байқалады. 

"Сонымен қатар бүгінгі таңда министрлік импорттық кедендік баждарды азайту бойынша Қазақстанның бес ұсынысын пысықтап жатыр. Бұл ұсыныстардың барлығы отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған", – дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу