Парламент Мәжілісінің депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға бойынша уақытша келісім хаттамасын ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов атап өткендей, уақытша келісімге 2018 жылы қол қойылып, 2019 жылдың 27 қазанында күшіне енді, оның мерзімі үш жыл, яғни биыл 27 қазанда аяқталады.
"Өз кезегінде, сауданың оң динамикасы мен қазақстандық экспорттың әлеуетін ескере отырып, біз жеңілдікті сауда режимінде үзіліс жасауға жол бермеуіміз керек. Уақытша келісім хаттаманы ратификациялау оның қолданылу мерзімін ұзартады және осылайша бажсыз сауда режимін және отандық тауарлардың Иран нарығына шығуы үшін қолайлы жағдайларды сақтайды", – деді ол Парламент Мәжілісінде депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, Иран 80 млн-нан астам халқы бар болашағы зор нарық. Уақытша келісім басталғалы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 377,4 млн доллардан 440 млн долларға дейін өсті.
Құралай Құдайберген