2023 жылдың сәуір айының соңында интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтеріліп, ЕАЭО және Орталық Азияның барлық елдерін басып озып, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен Армения – 80, Қырғызстан – 83, Ресей – 89, Өзбекстан – 104, Беларусь – 126, Тәжікстан – 129-орынға орналасты.
Жалпы, Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жылда 47,9%-ға өсті: 2022 жылғы сәуірдегі 20,7 Мбит/с-тан 2023 жылғы сәуірде 30,62 Мбит/с-қа дейін. Қарастырылып отырған басқа елдерден айырмашылығы айтарлықтай.
Мәселен, Арменияда жылдамдық – 26,25 Мбит/с, Қырғызстанда – 25,83 Мбит/с, Өзбекстан мен Тәжікстанда – сәйкесінше небәрі 20,9 және 11,38 Мбит/с болды.
Жеке қалаларды қарастыратын болсақ, 2022 жылдың төртінші тоқсанында Алматы интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азияда бірінші орынға шықты. Қазақстанның оңтүстік астанасында жүктеп алудың орташа жылдамдығы 25,78 Мбит/с, ал жүктеудің орташа жылдамдығы 11,06 Мбит/с болды.