Қазақстан ЕЭК шеңберінде кадрларды қалыптастыру механизміне енгізілген өзгерістерді ратификациялады

440

Ұсынылып отырған өзгерістер осы хаттама күшіне енгенге дейін жасалған еңбек шарттарында көзделген мерзімдер аяқталғанша комиссияның лауазымды адамдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын жалғастыруды көздейді. 

Қазақстан ЕЭК шеңберінде кадрларды қалыптастыру механизміне енгізілген өзгерістерді ратификациялады

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазылған Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағандай,Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин заң Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бірқатар түзетулер енгізуді көздейді.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғаларымен – департамент директорларымен және олардың орынбасарларымен жасалған еңбек шарттарының мерзімін 4 жылдан комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге өзгерту қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу