Қазақстан екі елдің импорттық кедендік баж салығын уақытша рубльмен аударады

Ресей мен Беларусь елдеріне енгізілген санкциялық шектеулерге байланысты осындай механизм қабылданған. 

Қазақстан екі елдің импорттық кедендік баж салығын уақытша рубльмен аударады Фото: canva.com

Депутат Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, уақытша механизмді енгізу – қажетті шара, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. 

Өзгерістер уақытша тетікті айқындауға қатысты. Оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде ұлттық банктер арасындағы АҚШ долларымен есептелген қарсы міндеттемелердегі айырма сомасын тараптар Ресей рублімен аударады. Қазақстан, Армения және Қырғызстан үшін импорттық кедендік баждар бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлініп, есепке алынатын болады. Уақытша тетікті енгізуге Ресей және Беларусь елдерімен АҚШ долларымен есеп айырысудан бас тарту себеп болды. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне кедендік төлемдердің үздіксіз түсуін қамтамасыз етеді. 

– Заң жобасы Парламент Мәжілісіне Үкіметтің 2024 жылғы 8 тамызда қаулысымен енгізілді.
Хаттамамен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа уақытша тетікті айқындау жөнінде өзгерістер енгізіледі.

Оған сәйкес, Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде АҚШ долларымен есептелген қарсы міндеттемелер сомасын тараптар ресейлік рублмен аударады. 

Уақытша механизмді енгізу – қажетті шара. Бұл аталған елдерге қатысты енгізілген санкциялық шектеулерге байланысты. 

Қабылданған механизм Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірістеріне кедендік баждарды есепке алудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының бір отырысы және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді. 
Заң жобасының салыстырма кестесі қабылданған екі позициядан тұрады. 

Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытындыларын берді. Осы айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті аталған заң жобасын қабылдауды ұсынуға болады деп есептейді, – деген болатын депутат Мархабат Жайымбетов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу