Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша 15 саты жоғарылады

1061

Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша 15 саты жоғарылады

Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша 47-ші орыннан 32-ге дейін көтеріліп, өзінің позициясын нығайта түсті. Осылайша, Ресей, Украинадан алға озды. Бұл Швейцарияның IMD бизнес-мектебінің бағалауы бойынша жасалған көрсеткіш болатын. Мамандар Ресейдің 44-тен 46-шы орынға төмендеуі 2012 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіші екендігін айтуда. Сарапшылар бәсекеге қабілеттілікті айқындауда экономиканың көрсеткіштері, үкімет жұмысының тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның сапасын назарға алған. Өткен жылдар ішінде Қазақстан "Мемлекет қаржысы" бағыты бойынша 51-ші орыннан бірден 4 сатыға көтерілсе, "ішкі экономика" бағыты бойынша 51-ші орыннан 40-шы орынға шығып отыр. Сондай-ақ, "Бизнестің тиімділі" талаптары бойынша да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу