Қазақстан экономикасы ілгерлеп дами береді – ҚР Президенті

1055

Оның айтуынша, БҰҰДБ-ның нәтижелері көрсетіп отырғандай, ТДМ-ның 80 пайызы стратегиялық үкіметтік бағдарламалармен интеграцияланған.

Қазақстан экономикасы ілгерлеп дами береді – ҚР Президенті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші Сессиясында мемлекеттік саясаттың негізін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстанның саяси экономикалық, әлеуметтік, экологиялық саясаты 2030 жылға арналған Тұрақты даму бағдарламасына толығымен сәйкес келетінін жеткізді.

Ол өз сөзінде халықаралық деңгейдегі қазіргі проблемаларға қарамастан, Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамуын жалғастыра беретінін атап өтті. Президент біздің еліміздің тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізетініне, инклюзивті қоғам құрып, таза қоршаған ортаны дамытуға және тиімді есеп институттарын құра алатынына сенім білдірді.

Осы бағдарламаның шеңберінде адамдарға құлақ түру деп сипаттауға болатын тұжырымдама іске қосылды. Мұндағы мақсат - мемлекет пен халық арасында диалог жүргізу және мемлекеттік саясаттың, атап айтқанда, ұлттық саясат барысының адамдарға көбірек көрінуін қамтамасыз ету. Президент білім беру жүйесін жаңғырту, жасыл цифрлы экономика және жедел инфрақұрылымдық даму – экономикалық өркендеу мен адамзат прогресінің локомотиві екенін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, БҰҰДБ-ның нәтижелері көрсетіп отырғандай, ТДМ-ның 80 пайызы стратегиялық үкіметтік бағдарламалармен интеграцияланған.

Ол өз сөзінде 2018 жылы Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, ТДМ-ге қол жеткізуге көмектесетін институционалдық архитектураны, оның ішінде басқарушы кеңесті құруды ұсынғанын еске салды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас Ассамблеясының Жалпы дебаттарында сөз сөйлегенін хабарлаған болатынбыз.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен , Польша Президенті Анджей Дудамен , Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен , Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу