Қазақстан экономикасы санкцияны тойтаруға дайын болуы тиіс – Президент

1641

Украинадағы жағдайға байланысты Батыс елдері Ресейге санкция салған болатын. 

Қазақстан экономикасы санкцияны тойтаруға дайын болуы тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы санкцияны тойтаруға дайын болу керегін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мен Қауіпсіздік кеңесінде санкциялық текетірестің шиеленісуіне байланысты бірқатар жиын өткізіп, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметке нақты міндеттер жүктедім. Дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеу үшін экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болу тиіс. Сын-қатерлер мен қиындықты бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Оларды жеңіл деуге болмайды, бірақ асыра айтуда орынсыз", – деді Президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Ресей мен Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірген еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу