Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетуде

854

Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетуде

Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы мұнай бағасының нығаюы мен елдің жағымды макроэкономикалық саясатының арқасында 2017 жылы 2,4 пайыздық, 2018 жылы 2,6 пайыздық өсім көрсетеді деген болжам жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ал көршілес Ресейде екі жылдық құлдыраудан кейінгі экономикалық өсім биыл 1,3 пайыз, 2018 жылы 1,4 пайыз болады деп болжады банк. Ондағы өсімге тұтынушылардың артуы себеп болмақ.

Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк 2017 жылғы әлемдік экономика өсімі 2,7 пайыз құрайды дейді. Өсімге шикізат бағасының тұрақтанып, өндірістік өнеркәсіп пен сауданың біршама артуы әсер етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу