Қазақстан экономикасына инвестиция құйған шетелдік азаматтарға виза берілуі мүмкін

759

Ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салуға дайын шетелдіктерге елімізде тұруға рұқсат беретін заң жобасы әзірленіп жатыр.  

Қазақстан экономикасына инвестиция құйған шетелдік азаматтарға виза берілуі мүмкін Фото: ult.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

"Қазіргі таңда Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар мен қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті әсер беретін инвестициялар (салық түсімдері түріндегі бюджетке қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалары) ескерілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу