Қазақстан экономикасына қай елдер қандай бағыттар бойынша инвестиция салады

1636

Инвестициялардың ең көп көлемі әдетте тау-кен өндірісі өнеркәсібінде және карьерлер өндірісінде байқалады.

Қазақстан экономикасына қай елдер қандай бағыттар бойынша инвестиция салады

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға 26 елден инвесторлар тартылды, тартылған инвестициялар көлемі бойынша ЕО ($10,1 млрд, 37 жоба), Ресей ($5,4 млрд, 26 жоба), Түркия ($1,6 млрд, 16 жоба), АҚШ ($718 млн, 9 жоба) және Сингапур ($2,1 млрд, 7 жоба) тәрізді елдер көш басында, деп хабарлады primeminister.kz. 

Инвестициялардың ең көп көлемі әдетте тау-кен өндірісі өнеркәсібінде және карьерлер өндірісінде байқалады: $7,3 млрд немесе барлық көлемнің 60,1%-ы. 

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, инвестициялар сомасы 8,1%-ға өсті. 

Аса тартымды салалардың үштігіне сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, бөлшек және көтерме сауда кірді. 

Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ел экономикасының өсімі бір жыл бұрынғы тиісті кезеңге 4,3% құрады, негізгі үлесті тау-кен өндірісі саласы (+3,1% жыл ішінде), сондай-ақ қайта өңдеу саласы (+3,5% жыл ішінде) және сауда (+7,6% жыл ішінде) құрады. 

Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша салалардың топ-5-тігіне сонымен қатар көлік пен қоймалау ($642 млн, +49,2% жыл ішінде), құрылыс ($463,2 млн, +45,1% жыл ішінде) кірді. 

2018 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы ақпарат және байланыс саласында 27,8%-ға, $185 млн дейін артты. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағымы жыл ішінде 14,7%-ға артып, $142,5 млн-ға жетті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қолдау кәсіпорындарға жоғары технологиялы әлемдік экономикаға бағдарланған жағдайларда бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Ал қаржы және сақтандыру қызметіне тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы 2018 жылы 3 есе, $1,3 млрд-қа дейін артты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу