Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық монополияға қарсы форумда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров айтты.
"Экономиканы монополиядан арылту, әділдік пен және адал бәсекелестік үшін жағдай жасау Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды қағидаттары, олар туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өтті және біз алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз", - деді Марат Омаров.
Экономиканы монополиядан арылту бойынша агенттік жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде теріс тренд, яғни тауар нарықтарында мемлекеттің қатысуының өсуі байқалады, басқаша айтқанда, мемлекеттік монополия орнауда.
"Мемлекеттің бизнеске қатысуы айтарлықтай артып келеді, бірақ ол тек азаюы керек. Бұл тенденция бұрын болмаған салаларда да байқалады", деді Марат Омаров.