Қазақстан экономикасының өсімі 2,2%-ды құрады

881

Жылдық инфляция 7,9% деңгейінде.

Қазақстан экономикасының өсімі 2,2%-ды құрады

2021 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан экономикасының өсімі 2,2% -ды құрады. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Өткен жылдың наурызынан бері биылғы сәуірде бірінші рет  Қазақстан экономикасының өсуі байқалады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ол 2,2% құрады", – деді премьер-министр Асқар Мамин бірінші жартыжылдықтағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасы барысында.

Есепті кезеңдегі жылдық инфляция 7,9%-ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-мамыр айларының соңында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1,6% құрады. 2021 жылдың соңында ел үкіметі Қазақстандағы ЖІӨ өсімін 3,1% деңгейінде болжайды.

2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ 2,6% төмендеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу