Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ды құрады

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды. 

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ды құрады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы  Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

2023 жылғы қантар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ды құрады.

Оның ішінде нақты сектор – 4,6%-ға, ал қызмет көрсету саласы – 4,7%-ға өсті.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4%-ды құрады.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 57,7%-ға, білім беруде – 24,3%-ға, саудада – 22,6%-ға, ауыл шаруашылығында – 21,3%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 9%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 8,4%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда тауар айналымы 4,3%-ке өсіп, 67,2 млрд. долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу